О.Кореяда су тасқынында 8 кісі мерт болды

Кореяның Орман қызметі басқармасы елдегі 47 қала мен ауданда көшкін қаупі болуы туралы ескерту жасады.

1865469
О.Кореяда су тасқынында 8 кісі мерт болды

Оңтүстік Кореяда нөсерлі жауын салдарынан болған су тасқынынан 8 адамның қаза тауып, 6 адамның із-түзсіз жоғалғаны хабарланды.

Йонхап агенттігінің хабарына қарағанда ел астанасы Сеул мен оның төңірегінде толассыз жауған жаңбыр үйлерді, метро станцияларын, көліктерді және көптеген ғимараттарды су басып, электр желілері мен пойыз қатынасын тоқтатты.

Лауазымдылар Сеулде 5 адамның және Кёнги уәлаятында 3 адамның нөсерлі жауын салдарынан қаза тапқанын хабарлады.

Кёнги уәлаятында да 9 адам жараланып, 2 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Сеулде 4 адамнан хабар алынбағаны білдірілді.

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан көшкін мен су тасқыны мүмкін болғандықтан, көптеген жолдар көлік қатынасына жабылды.

Ішкі істер министрлігі Сеул мен оның маңындағы қалаларда 800-ге жуық ғимарат зақымданып, кемінде 790 адам эвакуацияланғанын хабарлады. Министрлік су тасқыны өресін «ауыр» деңгейге көтерді.

Кореяның Орман қызметі басқармасы елдегі 47 қала мен ауданда көшкін қаупі болуы туралы ескерту жасады.



Ұқсас жаңалықтар