Нигерияда 53 миллион адам су тасқыны қаупіне душар

Эбони университетінің Қоршаған ортаны қорғау маманы Чувумериже Окереке су тасқыны қаупіне қарсы ескертті.

1865158
Нигерияда 53 миллион адам су тасқыны қаупіне душар

Батыс Африка елдерінің бірі Нигерияда 53 миллион адам су тасқыны қаупінде тұр.

Эбони университетінің Климаттың өзгеруі және даму орталығының директоры мен Қоршаған ортаны қорғау маманы Чувумериже Окереке Нигериядағы 53 миллион адамның су тасқыны қаупімен бетпе-бет екенін ескертті.

Окереке елде шамамен 27 мен 53 миллион адамның теңіз деңгейінің 0,5 метрге көтерілуіне байланысты қоныс аударуды қажет етуі мүмкін екенін атап өтті.

Климат өзгерісінің салдарынан болған апаттардың Нигерияға жылына 100 миллиард доллар шығын әкелгенін білдірген Окереке елдегі климат өзгерісінің салдарын азайту үшін шаралар қабылданбаған жағдайда, 2050 жылына дейін елдің 460 миллиард доллар жоғалтуы мүмкін екенін атап көрсетті.

Тропикалық климаттық белдеудегі елде орташа жылдық жауын-шашын мөлшері аймақтық деңгейде өзгереді.

Йобе штатында өткен айда нөсер жауын салдарынан туындаған су тасқынынан 4 адам қаза тауып, 12 елді мекен су астында қалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар