Қытайда 900 жылдық көпір отқа оранды

Фуцэнь қаласындағы 900 жылдық тарихи Ваньань көпірі өртте күлге айналды.

1865045
Қытайда 900 жылдық көпір отқа оранды

Қытайдың Фуцэнь қаласындағы 900 жылдық тарихи Ваньань көпірі өртте күлге айналды.

Қытай коммунистік партиясының басылымы Global Times газетінің хабарлауынша, Сүн әулеті кезінде қазіргі Фуцянь қаласының Пиннань ауданында тас пен ағаштан жасалған арка тәрізді көпірде өрт шыққан.

Өрт кезінде 900 жылдық тарихы бар көпірдің денесі опырылып құлаған.

Шамамен 10 сағаттық жұмыстан кейін ауыздықталған өртте адам шығыны болмағаны білдірілді.

Өрттің шығу себебіне қатысты тергеу басталды.

Қытайдағы тарихи сәулет саласы мамандары өрттің табиғи себептермен шыққанына ықтимал бермегендерін мәлімдеді.

Мамандар су үстіндегі бір көпірде өрт шығуының сирек кездесетін оқиға екенін баса айтты.

Өрттің адам қолынан шығуы мүмкін екеніне назар аударған мамандар тарихи ағаш құрылыстарды қорғаудың маңызды болғанын атап көрсетті.

«Жаһандық бейбітшілік көпірі» деп те аталатын, ұзындығы 98 метрден асатын Ваньань «елде ағаштан жасалған ең ұзын көпір» болып табылады.

Көпірде бұған дейін де өрт шығып, зақымданған бөліктері қалпына келтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар