Блинкен Қытайды сынға алды

Энтони Блинкен Камбоджаның астанасы Пуном Пенде өткен Шығыс Азия Сыртқы істер министрлері саммитіне қатысты.

1864271
Блинкен Қытайды сынға алды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайдың Тайваньға бағытталған әскери жаттығулары, соның ішінде Жапонияның Ерекше экономикалық аймағына (ЕЭА) ұшырылған зымырандары «маңызды бір шиеленіс» туғызатынын айтты.

Блинкен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Қытай Сыртқы істер министрі Ван Идің қатысуымен Камбоджаның астанасы Пуном Пендегі қонақүйде өткен Шығыс Азия Сыртқы істер министрлері саммитіне қатысты.

Блинкен жиналыс арасында журналистерге берген сұхбатында:

«Қытай АҚШ Өкілдер Мәжілісінің төрайымы Пелосидің сапарына шамадан тыс әсер көрсетіп, оны Тайвань бұғазында және оның айналасында арандатушылық әскери әрекеттерін арттыру үшін сылтау ретінде пайдалануды таңдады» деді.

Энтони Блинкен АҚШ-тың «Қытайдың қауіпті әрекеттерінен» кейін Жапониямен «мықты ынтымақтастық жасағанын» атап өтті.

Қытай екі күннің алдында АҚШ Өкілдер Мәжілісінің төрайымы Нэнси Пелосидің сапарына сілтеме жасай отырып, аралдың айналасында «әскери жаттығулар сериясын» бастады.

Қытай ұшырған басқарылатын зымырандар Тайвань маңындағы аралдың солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктеріне құлаған.



Ұқсас жаңалықтар