Пелоси Корея бейтарап аймағына барды

Нэнси Пелоси сапар туралы мәлімдеме жасады.

1864068
Пелоси Корея бейтарап аймағына барды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Конгресс делегациясымен Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның шекарасы болып табылатын Кореяның бейтарап аймағына барды.

Нэнси Пелоси сапар туралы мәлімдеме жасады. «Демилитаризацияланған аймақ/Бірлескен қауіпсіздік аймағы (DMZ/JSA) және «Осан» әуе базасында болған сапарымызда  Корей түбегінде демократия сақшылары ретінде қызмет ететін сарбаздарымыздың патриоттық қызметі үшін Конгресс пен елге ризашылығымызды білдірдік» деді ол.

«Конгресс делегациясымен сапарымызды жалғастыра отырып, біз аймақтағы серіктестікті нығайтуға және еркін және ашық Үнді-Тынық мұхиты аймағын ілгерілетуге тырысамыз» деді Пелоси Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёлмен телефондағы әңгімесінде.

Аймақтық сапарын 1 тамызда Сингапурдан бастаған Нэнси Пелоси кейін Малайзияға, одан әрі Тайваньға барды.



Ұқсас жаңалықтар