Лавров АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиттағы әрекеттерін сынға алды

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Камбоджада баспасөзге мәлімдеме жасады.

1864288
Лавров АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиттағы әрекеттерін сынға алды

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы әрекеттерінің Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығына (АСЕАН) қауіп төндіретінін айтты.

Сергей Лавров Камбоджаның бас қаласы Пномпеньде өткізген баспасөз мәслихатында өзекті мәселелерге қатысты мәлімдеме жасады.

АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы әрекеттеріне баға берген Лавров «АҚШ пен оның жақын одақтастарының аймақта тар құрылымдар құру жөніндегі қызметі, консенсус пен өзара құрмет негізінде қозғалатын Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығына (АСЕАН) қауіп төндіреді. Бұған AUKUS (АҚШ, Ұлыбритания және Австралия арасындағы одақ) сияқты әскери-саяси бағыттағы әрекеттер кіреді. Үнді-Тынық мұхиты аймағында НАТО мүдделерін ілгерілету мақсатты AUKUS-ты пайдалану ұстанымы байқалады» деді.

Ресей мен АҚШ арасында ұсталған орыс пен АҚШ азаматтарын алмасу тақырыбына тоқталған Лавров «Бұл мәселені Путин мен Байден келіскен арна төңірегінде талқылауға дайынбыз» деді.

Министр Лавров Иранның ядролық келісімі мәселесінде болса Тегеран әкімшілігінің ұстанымын «дұрыс» деп есептегендерін және АҚШ-тың келісімге оралу керектігін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар