АҚШ С.Арабиясы мен БАӘ-не қару сатады

АҚШ Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне құны 5 миллиард доллардан асатын қару-жарақ сатуды мақұлдады.

1863157
АҚШ С.Арабиясы мен БАӘ-не қару сатады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік департаменті Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) жалпы құны 5 миллиард доллардан асатын қару-жарақ сатуды мақұлдағанын хабарлады.

Министрлік қару-жарақ сату келісімдері аясында Сауд Арабиясы құны 3,05 миллиард долларға Патриот зымырандарын сатып алатынын хабарлады.

Осы тұрғыда Біріккен Араб Әмірліктеріне 2,25 миллиард долларға Аймақтық Жоғары биіктіктегі әуе қорғанысы (THAAD) зымыран жүйесі сатылады.

Пентагонның Қорғаныс қауіпсіздік және ынтымақтастық агенттігінің мәліметінде Сауд Арабиясы аталған қару-жарақ сату келісімімен өзінің қару қоймасына 300 Патриот зымыранын қосатыны білдірілді.

Келісім бойынша БАӘ сонымен қатар 2 THAAD ұшыру станциясын, 2 THAAD тактикалық операциялық станциясын және 96 зымыранды сатып алады.

Құны 5 миллиард доллардан асатын жоғарыда аталған қару-жарақ сату келісімдері АҚШ-тың Иранмен ядролық келісім бойынша келіссөздерге қайта оралу туралы сигналдарынан кейін жасалғаны назар аударды.

Бұрынғы президент Дональд Трамп кезінде АҚШ Иранның Ядролық қаруды таратпау туралы келісімінен шыққанымен, қазіргі президент Джо Байден әкімшілігі осы келісімге оралу үшін Иранмен келіссөздерді жалғастыруды жақтайды.



Ұқсас жаңалықтар