Ердоған Путинмен кездеседі

Песков Мәскеуде журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1862789
Ердоған Путинмен кездеседі

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің 5 тамызда Сочиде өтетін кездесуде екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылайтынын айтты.

Песков Мәскеуде журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ердоған мен Путиннің 5 тамыз күні болатын кездесуіне тоқталған Песков екі лидердің экономикадан аймақтық мәселелерге дейін көптеген тақырыпты талқылайтынын білдірді.

«Кездесу сонымен қатар Сирия мен Украина мәселелері бойынша өзекті ақпаратпен алмасу, астық тасымалдау механизмінің тиімділігі және халықаралық қатынастар бойынша пікір алмасу үшін жақсы мүмкіндік болып табылады» деді ол.

Кремль баспасөз хатшысы Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Өкілдер палатасы спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға болуы мүмкін сапарына да тоқталып, мұның аймақтағы шиеленісті арттырғанын білдірді. «(Пелосидің Азияға сапары) Осы саяхат және Тайваньға ықтимал сапарға байланысты барлық нәрсе тек арандатушылық. Бұл жағдайды қоздырып, шиеленістің өршуіне әкебарып соғады» деді Песков.

Песков Ресейдің Қытаймен толық ынтымақтастықта екенін атап көрсетті. «Әрине біз  Қытаймен толық ынтымақтасамыз. Біз олардың бұл мәселеге өте сезімтал көзқарасын түсінеміз» деді.

Песков АҚШ-тың бұл сезімталдыққа құрмет көрсетудің орнына қарсыластық танытқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар