Гутерреш ядролық қарулардың тарау рискі бар екенін ескертті

БҰҰ Бас хатшысы Ядролық қаруды таратпау туралы шартты қайта қарау конференцияның ашылуында сөйледі.

1862691
Гутерреш ядролық қарулардың тарау рискі бар екенін ескертті

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш әлемде ядролық қарудың таралу қаупінің артып келе жатқанын ескертті.

БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен Ядролық қаруды таратпау туралы шартты қайта қарауға арналған 10-шы конференцияның ашылуында сөйлеген Антониу Гутерреш әлемде ядролық қару қаупінің артып келе жатқанына назар аударды.

Ядролық қарудың таралу қаупінің артқанын және қызуды түсірудің алдындағы тосқауылдардың әлсірегенін атап көрсеткен Гутерреш мұның барлығының Таяу Шығыс пен Корей түбегінен Ресейдің Украинаға басып кіруіне дейін ядролық дағдарыстар күшейген кезеңде болғанына назар аударды.

«Әлемдік геосаяси шиеленіс жаңа белеске көтеріліп, бәсекелестік ынтымақтастықты тұншықтырып, диалог сенімсіздікке, қарусыздану – алауыздыққа ауысуда» деген БҰҰ Бас хатшысы ядролық қаруды таратпау туралы келісімнің әлемге бұрынғыдан да қажет екенін баса айтты.

Гутерреш қазір бүкіл әлемде әскери арсеналда шамамен 13 мың ядролық қару бар екенін айтты.

Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945) кезінде Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбаларын еске салған Гутерреш «Адамзатқа Хиросима мен Нагасакидегі қорқынышты өрттерден алған сабақты ұмыту қаупі төніп тұр» деді.

Антонио Гутерриш ядролық соғыс қаупін азайту және қарусыздануды жеделдету үшін практикалық шаралардың болу керектігін және бұл мақсатта тек ядролық технологияны бейбіт мақсатта пайдалануды ынталандыру және көпжақты келісімдерді жандандыруға мәжбүр екендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар