Жүк кемесі Одесса портынан жолға шықты

Украинаның Одесса портынан астық тиеген алғашқы кеме Түркия уақытымен 08:30-да жолға шықты.

1861734
Жүк кемесі Одесса портынан жолға шықты

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардың министрлер және байланысты тараптармен өткізген кездесулері және Стамбулдағы Бірлескен үйлестіру орталығының қарқынды жұмысы нәтижесінде астық тиелген бірінші кеменің Одесса портынан сағат 08:30-да аттану тақырыбында келіскені білдірілді.

Мәлімдемеде Сьерра-Леоне туы ілінген «Разони» атты жүк кемесінің Ливанға баратыны хабарланды.

Мәлімдемеде «2022 жылы 22 шілдеде Түркия, Ресей Федерациясы, Украина және Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында қол қойылған «Украина порттарынан астық пен азық-түлікті қауіпсіз тасымалдау» құжаты аясында жөнелтілетін осы алғашқы кемеден кейін басқа кемелер де жөнелтіледі деп жоспарлануда»  делінді.

Министрліктің тағы бір мәлімдемесінде ««Разони» атты кеме Ливандағы Триполи портына бару үшін Одессадан жолға шықты. Кеме Стамбулға 2 тамызда жетеді деп күтілуде. Стамбулда жүргізілетін тексеруден кейін кеме портқа қарай бет алады» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар