Пәкістандағы сел апатынан 22 адам көз жұмды

Пәкістанда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 22 адам қаза тапты.

1862158
Пәкістандағы сел апатынан 22 адам көз жұмды

Ұлттық баспасөзде жарияланған хабарларға қарағанда, елде жалғасып жатқан муссондық жаңбыр өмірге кері әсер етті.

Азад Джамму Кашмирде бір үйдің төбесі құлап, ішінде әйелдер мен балалар бар 10  адам көз жұмды.

Хайбер-Пахтунхва провинциясының әртүрлі аймақтарында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 12 адам қаза тапты.

Толассыз жауған жаңбырдан ең көп зардап шеккен Белуджистан провинциясы болды.

Уәлаят бойынша 10 мың 129 үй зақымданып, 3 мың 406 үй толығымен қираған.

Жауын-шашын салдарынан 16 көпір мен 640 шақырым тас жол зақымданса, 20 мыңнан астам ауылшаруашылық малдары қырылып қалды.

Уәлаяттағы 7 бөгетте жарықтар пайда болды.

Премьер-министр Шахбаз Шариф соңғы аптада делегациямен Белуджистанға екінші рет барды.

Елде маусым айынан бері жалғасып келе жатқан жаңбырдан қаза тапқандар саны 457-ге жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар