Иран Моссад тыңшыларын тұтқындады

Иранда "Моссадқа қатысы бар тыңшылық желісінің мүшелері" ұсталғаны білдірілді.

1860874
Иран Моссад тыңшыларын тұтқындады

Иран Израильдің сыртқы барлау агенттігі Моссадқа қатысы бар 5 адамның тыңшылық желісінің анықталып, тұтқындалғанын хабарлады.

Иранның ресми агенттігі IRNA Қауіпсіздік басқармасының барлау қызметінің мәлімдемесіне қарағанда елде "Моссадқа қатысы бар тыңшылық желісінің мүшелері" ұсталғаны білдірілді.

Мәлімдемеде ұсталған адамдардың барлау ұйымына мәлімет жинаумен бірге олардың ел аумағында өрт қою және арандату әрекеттерді орындауға дайындалғаны хабарланды.

Операцияда тұтқынға алынған агенттерге тиесілі бірқатар озық құрал-жабдықтар мен түрлі байланыс құралдарының тәркіленгені хабарланды.

Иран өткен аптада лаңкестік және арандатушы шабуылдар жасау үшін елге енген Моссадқа қарасты тыңшылық желісін ұстағанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар