Бір шприцпен вакцина салған қызметкер қамауға алынды

Оқушылар тексеруден өтіп, жағдайларының жақсы екені білдірілді.

1861100
Бір шприцпен вакцина салған қызметкер қамауға алынды

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында бір шприцпен 39 оқушыға коронавирус вакцинасын салған медицина қызметкері ұсталды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, штаттың Сагар ауданындағы Джайн орта мектебінде вакцинациядан өткен оқушылармен бірге болған ата-аналар қызметкердің барлық оқушыларға бір шприц қолданып тұрғанын көріп, жағдайды мектеп басшылығына  хабарлады.

Оқиғадан кейін Джитендра Рай есімді медицина қызметкері қызметінен уақытша шеттетіліп, қамауға алынды. Рай денсаулық сақтау басқармасы бір ғана шприц бергенін, өзінің бұйрықты орындағанын айтып, өзін ақтауға тырысты.

Оқушылар тексеруден өтіп, жағдайларының жақсы екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар