АҚШ-тағы су тасқынында 8 кісі мерт болды

Бірнеше күннен бері нөсер жауған Аппалачия аймағында өзен арналары тасып, үйлерді, кәсіпорындар мен жолдарды су басты.

1861038
АҚШ-тағы су тасқынында 8 кісі мерт болды

АҚШ-тың Кентукки штатындағы су тасқынынан сегіз адам қаза тауып, жүздеген адам баспанасыз қалды.

Бірнеше күннен бері нөсер жауған Аппалачия аймағында өзен арналары тасып, үйлерді, кәсіпорындар мен жолдарды су басты.

Су тасқынынан 8 адам қаза тапты, жүздеген адам баспанасыз қалды.

Құтқару тобы тікұшақтар мен қайықтарды пайдаланып, суда қалған адамдарды құтқарды. Кейбір саябақтар қоныс аударғандар үшін баспана ретінде пайдаланыла бастады.

Кентукки штатының әкімі Энди Бешир бұл туралы мәлімдемесінде: «Оқиға өте жойқын болды» деді және бұл штаттағы ең қауіпті су тасқындарының бірі екенін айтты.

Энди Бешир су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін қайырымдылық акциясын бастады.

Батыс Вирджинияның кейбір аудандары да су тасқынынан зардап шекті.



Ұқсас жаңалықтар