Бір шприцпен 30 балаға екпе салған

«BBC» телеарнасының хабарына қарағанда, оқиға Сагар ауданында болған.

1860636
Бір шприцпен 30 балаға екпе салған

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында бір шприцпен 30 оқушыға коронавирусқа қарсы (Ковид-19) вакцинасын салған медицина қызметкеріне қарсы тергеу басталды.

Британдық «BBC» телеарнасының хабарына қарағанда, оқиға Сагар ауданында болған.

Балаларымен бірге келген ата-аналар медицина қызметкерінің екпе үшін бір ғана шприц қолданып жатқанын көріп, мектеп басшылығына мән-жайды жеткізген. Вакцинацияны жүргізген Джитендра Рай есімді қызметкер денсаулық сақтау басқармасы бір ғана шприц бергенін және ол бұйрықты орындағанын айтты.

Мемлекеттік денсаулық сақтау министрлігі қызметкерге қатысты сотқа шағым түсіргенімен, вакцинацияға арналған жабдықты қамтамасыз етуге жауапты шенеуніктер үшін де тергеу бастады.

Оппозиция  болса керісінше, штаттың денсаулық сақтау министрінің отставкаға кетуін талап етті.



Ұқсас жаңалықтар