Ухань қаласы тағы карантинге алынды

Қалада 2020 жылдың 22 қаңтарында жарияланған карантин 76 күнге созылды және Ухань Ковид-19 індетіне байланысты карантинге кіргізілген алғашқы қала болды.

1860149
Ухань қаласы тағы карантинге алынды

Қытайдың Ухань қаласының Жианшиа ауданында коронавирустың (Ковид-19) жаңа түрлеріне байланысты карантиндік шектеулер қолданылады.

Жергілікті үкімет мәлімдемесінде қаланың оңтүстігінде шамамен 1 миллион адам тұратын ауданда 4 жұғымдалу оқиғасы анықталғаннан кейін бүгін таңертеңнен бастап 3 күндік уақытша карантин жарияланғаны хабарланды.

Мәлімдемеде аудандағы қоғамдық ойын-сауық орындары, ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарлары базарлары, емханалар жабылып, автобус және метро қатынасы тоқтайтыны білдіріліп, карантин кезінде азаматтардан ауданнан шықпау сұралды.

Ковид-19 індетінің алғашқы жағдайлары 2019 жылдың соңында Ухань қаласындағы теңіз өнімдері базарына барған адамдарда байқалды.

Алғашқы науқас 2019 жылдың 17 қарашасында ауруханаға сол күндері себебін түсіну мүмкін болмаған «тыныс алу мүшелерінің жайсыздығы» шағымымен түсті.

Қалада 2020 жылдың 22 қаңтарында жарияланған карантин 76 күнге созылды және Ухань Ковид-19 індетіне байланысты карантинге кіргізілген алғашқы қала болды.

Уханьда жүзеге асырылған шаралар Қытайдың келесі толқындарында жүзеге асырған «нөлдік жағдай» стратегиясын қалыптастырды.



Ұқсас жаңалықтар