Филиппинде жер сілкінісі

Лусон аралында 7 балдық жер сілкінісі болып, бір адам қаза тапты.

1859907
Филиппинде жер сілкінісі

Филиппиннің солтүстігіндегі Лусон аралында 7 балдық жер сілкінісі болып, бір адам қаза тапты.

Филиппин Жанартау және жер сілкінісі ғылыми институты таңертең аралдың солтүстігіндегі Абра провинциясында 7 балдық жерасты дүмпуінің сезілгенін хабарлады.

Жерден 10 шақырым тереңдікте тіркелген жер сілкінісінің ошағы провинциядағы Тайюм қаласынан солтүстік-батысқа қарай 3 шақырым жерде екені анықталды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Табиғат қаупінің алдын алу және басқару ұлттық орталығы көршілес Бенгует провинциясындағы Ла Тринидадтағы жер сілкінісінен құрылыс алаңында жұмыс істейтін жұмысшының қаза тапқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар