Францияда құрғақшылық, Венгрияда ыстық ауа

Венгрияда түнде термометр рекордтық көрсеткішке жетті.

1859507
Францияда құрғақшылық, Венгрияда ыстық ауа

Францияда құрғақшылықтың артуына байланысты 86 аймақта желілік суға шектеулер қойылды.

«Franceinfo» хабарына қарағанда, Экологиялық ауысу министрлігінің «Propluvia» сайтында жарияланған картада елдегі 95 аймақтың 86-сы құрғақшылықтан зардап шеккені жазылған.

Сұр, сары, қызғылт сары және қызыл дабыл деңгейлеріне қарай боялған картада елдің басым бөлігі сары және қызғылт сары дабыл деңгейінде.

Картаға сәйкес, елдің орталық бөлігіндегі Центр-Валь-де-Луар және Пэй-де-ла-Луар аймақтары құрғақшылықтан ең көп зардап шеккен.

Соңғы жылдардың ең ыстық жазын бастан өткеріп жатқан Венгрияда болса түнде термометрлер рекордтық көрсеткішке жетіп, Цельсий бойынша 25,4 градусты көрсетті.

Метеорология Бас басқармасының мәлімдемесінде түнгі температураның ең жоғары деңгейі Сегед қаласында 1894 жылы 24 шілдеде 24,6 градус ретінде тіркелген. Ал кеше ел астанасы Будапештте ауа температурасы түнде 25,4 градус болды.

Мәлімдемеге қарағанда, бүгіннен бастап ауа температурасы төмендейді, кей өңірлерде жауын-шашын болады.



Ұқсас жаңалықтар