Орыс ұшақтарының шабуылында 3 адам қаза тапты
Хмеймим базасынан шыққан Ресей әскери ұшақтары Якубие және Жудейде ауылдарына әуе шабуылын жасады.
Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб аймағында христиандар тұратын Якубие және Жудейда ауылдарына ресейлік әскери ұшақтың әуе шабуылы нәтижесінде үш бейбіт тұрғын қаза тапты.
Оппозициялық бақылау мекемесінің мәліметі бойынша Түркия уақытымен сағат 05:36-да Латакиядағы Хмеймим базасынан шыққан Ресей әскери ұшақтары Идлибтің батысындағы Якубие және Жудейде ауылдарына әуе шабуылын жасады.
Идлиб Азаматтық қорғаныс (Ақ дулығалылар) лауазымдыларынан алынған мәліметке қарағанда Ресей ұшағы Идлибтің Жудейде ауылына жасаған әуе шабуылында 3 адам қаза тауып, 4 адам жараланған.
Ұқсас жаңалықтар
Алжир қаласында 5 бала суға батып кетті
Алжир қаласында мектеп саяхаты кезінде жағажайда шомылып жүрген 5 бала суға батып кетті.
Израильге қарсы шерулер жалғасуда
Голландияда көбісі әйелдерден құралған топ палестиналық аналарды қолдау үшін шеру өткізді.