Ресей ақпарат құралдары Түркия-Ресей-Иран үштік саммитіне кең орын берді

Ресейдің алдыңғы қатардағы ақпарат құралдары Тегеранда өткен Түркия-Ресей-Иран үштік көшбасшылар саммитіне баға берді.

1857303
Ресей ақпарат құралдары Түркия-Ресей-Иран үштік саммитіне кең орын берді

Иранның бас қаласы Тегеранда Түркия, Ресей және Иран арасында өткен «Астана форматындағы 7-ші үшжақты саммит отырысы» Ресей ақпарат құралдарында кеңінен орын алды.

Ресейдің алдыңғы қатардағы ақпарат құралдары кеше президент Режеп Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин және Иран президенті Ибрахим Раисидің қатысуымен Тегеранда өткен Түркия-Ресей-Иран үштік көшбасшылар саммитіне баға берді.

Ресейлік «Коммерсант» газеті «Ислам эволюциясының сақшылары» деген тақырыпқа орын беріп, Астана процесінің кепілгерлерінің АҚШ-тың Сириядағы ұстанымдарына қарсы шыққанын жазды.

Саммиттің Ковид-19 індетінен кейін алғаш рет өткенін атап көрсеткен «Российская газета» өз жаңалықтарында Ердоған, Путин және Президенттің саммиттегі мәлімдемелеріне кеңінен орын берді.

«Известия» газеті де саммитті «Үш жақты бірлік: Ресей, Иран және Түркия басшылары Тегеранда қандай мәселелер бойынша келісімге келді?» деген тақырыппен берген.

Хабарда «2017 жылы Сириядағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін құрылған бұл платформа Ресей, Иран және Түркияны біріктіреді» делінді.

Кейбір Ресей мемлекеттік телеарналары да Ердоған-Путин кездесуі мен Астана үшжақты саммитін тікелей эфирде көрсетіп, саммиттің егжей-тегжейлерімен бөлісті. Сондай-ақ Сирия мәселесі және әлемдегі азық-түлік мәселесін егжей-тегжейлі жеткізді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар