Еуропада Ковид-19 асқынып келеді

Ковид-19 жұғымдалуының көбеюі «Кең ауқымды Ковид-19 толқынының басталуы» болуы мүмкін.

1856720
Еуропада Ковид-19 асқынып келеді

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропада коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) вирусының өсу қарқыны соңғы 5 апта қатарынан өскенін атап өтіп, көптеген ел шараларды алып тастаған сайын вирустың таралу жылдамдығы артатыны жайлы ескерту жасады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы лауазымдыларының мәлімдемесінде осы артудың басты себебі коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) вирусы Омикрон штаммының қосымша штаммы BA.4 және BA.5-тің бүкіл Еуропада жылдам таралуы екені білдірілді.

Еуропа елдерінің сынама жасау және геномды тізімдеу мүмкіндіктерінің төмендеуі де деректердің артуына түрткі болуда. Бұл жағдай елдердің нақтылы жұғымдалу санын анықтау мен байланысты қадағалауына кедергі болуда.

Вирустың үздіксіз эволюциясы нәтижесінде вакцина тиімділігінің төмендеуі Еуропадағы Ковид-19 деректері көбеюінің тағы бір себебі ретінде көрсетілген.

Еуропа Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының басшылары бір айдан бергі жұғымдалудың артуы аймақ елдері үшін «Кең ауқымды Ковид-19 толқынының басталуы» деген болжам жасауда.



Ұқсас жаңалықтар