АҚШ Ресейге саяхат туралы ескерту жасады

Министрлік Ресейде тұратын немесе Ресейге саяхат жасаған АҚШ азаматтарынан осы елден дереу кетуді сұрады.

1857091
АҚШ Ресейге саяхат туралы ескерту жасады

Америка Құрама Штаттары 4-деңгей (Саяхат етпеңіз) деп жариялаған Ресейге саяхат туралы ескертуінде өз азаматтарына «осы елде жалған айыппен әділетсіз ұсталуыңыз мүмкін» деп хабарлады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің интернет сайтындағы жаңартуда саяхат туралы ескертудің ең жоғары деңгейі Ресейге берілді.

Министрлік Ресейде тұратын немесе Ресейге саяхат жасаған АҚШ азаматтарынан осы елден дереу кетуді сұрады.

Ресейдің Украинаға 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан шабуылдары, «жергілікті заңдардың ерікті түрде орындалуы», коронавирус шектеулері және «терроризм» де ескерту тақырыбы болды.

Мәлімдемеде елдің түкпір-түкпірінде шетелдіктерді қудалау ықтималына назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар