Сомалиде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Оқиғаның себебі әлі анықталған жоқ.

1856336
Сомалиде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Сомали астанасы Могадишода Джубба әуе жолдарына тиесілі жолаушылар ұшағы қону кезінде аударылып кетіп, апатқа ұшырады.

Байдоа қаласынан ел астанасы Могадишоға 30-дан астам жолаушы мінген ұшақ өртеніп кетті.

Әлеуметтік желіде тараған суреттерде ұшақтан қара түтіннің көтерілгені байқалады.

Өрт сөндіру тобы өртті сөндірсе, лауазым иелері жолаушылар мен экипаждың құтқарылғанын хабарлады.

Оқиғаның себебі әлі анықталған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар