Венгрияда «Энергетикалық төтенше жағдай» жарияланды

Венгрияның Мемлекеттік министрі Гергели Гуляс еліндегі энергетикалық дағдарысқа тоқталды.

1855186
Венгрияда «Энергетикалық төтенше жағдай» жарияланды

Венгрияның Мемлекеттік министрі Гергели Гуляс Еуропада энергия бағасының өсуіне байланысты үкімет «Энергетикалық төтенше жағдай» жариялағанын хабарлады.

Гергели Гуляс Ресей-Украина соғысының созылуына және Еуропа Одағының Ресейге салған санкцияларына байланысты бүкіл Еуропада энергия бағасының күрт өскенін айтты.

Еуропаның басым көп бөлігінде энергетикалық дағдарыстың орын алғанын атап өткен Гүляс қазіргі жағдайға байланысты Еуропада күз-қыс айларында табиғи газдың жеткіліксіз болатынын мәлімдеді.

Гергели Гуляс Венгрия үкіметінің басқа елдер сияқты мәселенің шешімін табу үшін бірқатар шаралар қабылдағанын, үкіметтің осы аяда «Энергетикалық төтенше жағдай» жариялағанын және 1 тамызда күшіне енетін 7 бабтан тұратын іс-шаралар жоспарын дайындағанын хабарлады.

Жасалған шаралар аясында елдегі табиғи газ өндіру көлемін 1.5 миллиардтан 2 миллиард текше метрге дейін арттырып, көмір өндіруді де көбейтетінін баса айтқан Гүляс 1 тамыздан бастап отбасыларды жеңілдетілген көгілдір отын мен электр энергиясымен қамдауда тұрғындардың орташа тұтыну деңгейіне дейін ғана қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Венгриядағы табиғи газ қоймаларының толтырылу деңгейінің 44 пайыз екенін айтқан Гуляш үкімет Сыртқы істер және Сыртқы сауда министрі Питер Сийяртоға табиғи газ туралы көбірек келісімдержасауды тапсырғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар