Ресей украиналықтарды азаматтыққа алады
Президент Владимир Путин Ресей азаматтығының берілуін жеңілдетуді қарастыратын жарлықтың аясын кеңейтті.
Ресей президенті Владимир Путин Украина тұрғындарының Ресей азаматтығын алуын жеңілдететін жарлыққа қол қойды.
Ресей Мемлекеттік құқықтық ақпарат жүйесінде жарияланған шешімге сәйкес президент Владимир Путин Ресей азаматтығының берілуін жеңілдетуді қарастыратын жарлықтың аясын кеңейтті.
Аталмыш жарлықпен ауыз жүзіндегі Донетск және Луганск Республикаларында тұратындар Украинаның барлық аймақтарының тұрақты тұрғындары Ресей азаматтығын алу үшін жеңілдетілген өтініш беру құқығына ие болады.
Владимир Путин 2019 жылы қол қойған шешіммен Украинаның Донецк және Луганск облыстарында тұратындардың Ресей азаматтығын алуына жағдай жасаған болатын. 25 мамырда Украинаның Херсон және Запорожье облыстарында тұратындар да осы шешімге қосылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы
Еркін Университеті студенттері Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы бастады.
Путин Қорғаныс министрін қызметінен босатты
Ресей президенті Андрей Белоусовты жаңа қорғаныс министрі ретінде ұсынды.