Әлем халық саны қарашада 8 миллиардқа жетеді

БҰҰ «Әлемдегі халық санының келешегі 2022» рапортында 2022 жылдың 15 қарашасында әлем халқының саны 8 миллиардқа жететіні межеленді.

1854394
Әлем халық саны қарашада 8 миллиардқа жетеді

Дүниежүзіндегі халықтың саны қараша айында 8 миллиардқа жетеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаменті жариялаған «Әлемдегі халық санының келешегі 2022» рапортына негізделгенде 2022 жылдың 15 қарашасында әлем халқының саны 8 миллиардқа жетеді.

Рапортта әлем халқының саны 2030 жылы 8.5 миллиардқа, 2050 жылы 9.7 миллиардқа, 2080 жылы 10.4 миллиардқа жетеді және 2100 жылға дейін бұл деңгейде қалатыны межеленген.

Есептегі ақпаратқа сәйкес, елдердің орташа жасы 19-дан (Сахараның оңтүстігіндегі Африка) 42-ге (Еуропа мен Солтүстік Америка) дейін өзгереді.

Баяндамада жаһандық өмір сүру ұзақтығы 1990 жылдан бергі 9 жылға жуық уақыттағы жақсарумен 2019 жылы 72.8 жасқа жететіні білдірілді.

2050 жылға қарай Африка құрлығы әлемдегі барлық жастардың үштен біріне (15-24) үй иесі болады деген болжам бар.



Ұқсас жаңалықтар