Пәкістанда сел апаты салдарынан 32 адам қаза тапты

Пәкістанда нөсер жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 32-ге жетті.

1852996
Пәкістанда сел апаты салдарынан 32 адам қаза тапты

Пәкістанның көптеген уәлаятында алдыңғы  күннен бері жауған нөсер жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 32-ге жетті.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша нөсер жаңбыр Белуджистан, Пенджаб және Хайбер-Пахтунхва уәлаяты мен Гилгит-Балтистан аймағында өмірге кері әсер етті.

Белуджистанның Кетта қаласында сел апаты салдарынан 20 адам қаза тапты.

Кеттаның бірқатар өңірінде ондаған үй қирап, жүздеген үйлер мен кәсіпорындар зардап шекті.

Гилгит-Балтистан аймағында толассыз жауған жаңбыр және лай  көшкіні салдарынан 4 әйел қаза тапты. Аймақта 200 қиран қалды.

Пенджаб провинциясының Равалпинди және Гужранвала қалаларында жауын-шашын кесірінен 4 адам қаза тапты.

Хайбер-Пахтунхва провинциясының Солтүстік Вазиристан аймағында су тасқынынан үш әйел қаза тапты. Мираншах қаласында қабырға құлап, бір әйел қайтыс болды.

 



Ұқсас жаңалықтар