Әлемде маймыл шешегі

Маймыл шешегінің 6 мыңнан астам дерегі тіркелді.

1853083
Әлемде маймыл шешегі

Дүние жүзінде маймыл шешегінің 6 мыңнан астам дерегі тіркелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры, доктор Тедрос Адханом Гебрейесус апта сайынғы баспасөз мәслихатында маймыл шешегінің соңғы жағдайы туралы ақпарат берді.

58 елден 6 мыңнан астам деректің расталғанын білдірген Гебрейесус «Тестілеу арқылы деректерді анықтауда әлі де қиындықтар бар және науқастардың айтарлықтай бөлігі ресми түрде тіркелмеген болуы мүмкін» деді.

Гебрейесус Еуропаның маймыл шешегі ауруының орталығы екенін атап өтіп, «Жалпы аурудың 80 пайызы Еуропа елдерінде байқалады» деді.

Вирустың Африкада да тарағанына назар аударған Бас директор құрлықта осы уақытқа дейін ешқашан байқалмаған аймақтарда жаңа деректер тіркелгенін  айтты.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директоры вирустың таралуы жалғасатынын атап өтті. "Төтенше комитетті қайта шақыруды жоспарлап отырмыз. 18 шілдеде немесе оған дейін комитет қайтадан жиналады" деді ол.



Ұқсас жаңалықтар