Халықаралық ұйымдардан "ашаршылық" ескертуі

Соңғы бір жылда ашаршылықпен бетпе-бет қалғандар саны 46 миллионға өсті.

1853141
Халықаралық ұйымдардан "ашаршылық" ескертуі

Соңғы бір жылда әлемде ашаршылықпен бетпе-бет қалған адам саны 46 миллионға өсіп, 828 миллионға жеткені жарияланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАБ) аштық туралы жаһандық есебін жариялады.

Есепке қарағанда 2021 жылы әлем адам санының шамамен 10 пайызы аштықтан зардап шегуде.

Өткен жылы аштықтан зардап шеккендер санының 46 миллионға өсіп, 828 миллионға жеткені атап көрсетілген есепте жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індетінен (2020) бері аштықтан зардап шеккендер санының 150 миллионға өскеніне назар аударылды.

«Әлем 2030 жылға дейін аштықты, азық-түлік қауіпсіздігін және дұрыс тамақтанбауды тоқтату мақсатынан алшақтап барады» делінді.

Есепте сондай-ақ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының директоры Дэвид Бислидің «Алдағы айларда бұл көрсеткіштердің одан да арта түсу қаупі бар» деген болжамдарына да орын берілген.

Бисли Украинада 24 ақпан күні Ресей бастаған шабуылдардың жалғасып жатқанын, мұның жаһандық азық-түлік бағасын көтеріп, кейбір мемлекеттерді аштықтың шегіне дейін итермелегенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар