Украина жайлы Лугано хаттамасына қол қойылды

Конференцияның екінші және соңғы күні 40-тан астам ел мен халықаралық ұйымның өкілдері Швейцария мен Украина дайындаған хаттаманы мақұлдады.

1852352
Украина жайлы Лугано хаттамасына қол қойылды

Швейцарияның Лугано қаласында өткен Украинаны өркендету жөніндегі конференцияда Украинаны соғыстан кейін қалпына келтіру және дамыту туралы Лугано хаттамасына қол қойылды.

Конференцияның екінші және соңғы күні 40-тан астам ел мен халықаралық ұйымның өкілдері Швейцария мен Украина дайындаған хаттаманы мақұлдады.

Швейцария Конфедерациясының төрағасы Игнацио Кассис Лугано хаттамасында Украина үкіметінің қайта құру және өркендеу жобасының қабылданғанын білдіріп:

"Екі күндік конференцияда Украинаның ұзақ уақыттық қайта құрылуына байланысты жобалардың негізі қаланды" деді.

Конференцияға Түркия атынан қатысқан Сыртқы істер министрінің орынбасары, елші Фуат Каймакжы Түркияның соғыстың басынан бері Украинаның қасында болғанын білдіріп:

"Территория тұтастығына қолдау берілген Украинаға күшті бір қорғаныс және гуманитарлық жәрдем де бердік. Украиналықтардың батырлықпен елін қорғауда табысты болатынына сенеміз" деді. 

Фуат Каймакжы Украинаны қайта құру процесінде Түркияның шешімін жалғастыратынын және Украинаны қамтыған конференцияға қатысқан елдермен бірге жұмыстануға дайын екенін білдірді.

Ұлыбритания 2023 жылы өтетін Украинаны өркендету жөніндегі екінші конференцияға үй иесі болады.



Ұқсас жаңалықтар