Суахили- екінші ресми тіл

Шешім аясында бастауыш және орта мектептерде ағылшын тілімен қатар суахили тілі де оқытылады деп шешілді.

1852592
Суахили- екінші ресми тіл

Уганда Африкадағы ең көп қолданылатын жергілікті тілдердің бірі суахили тілін екінші ресми тіл ретінде қабылдады.

Ақпарат және коммуникациялық технологиялар министрі Крис Барёмунси баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Уганда парламентінің суахили тілін екінші ресми тіл ретінде қабылдағаны туралы ақпаратпен бөлісті.

Шешім аясында бастауыш және орта мектептерде ағылшын тілімен қатар суахили тілі де оқытылады деп шешілді.

Суахили тілі Африканың көптеген шығыс және оңтүстік елдерінде, соның ішінде Танзания, Кения және Руандада қолданылады.

Оңтүстік Африка даму қоғамдастығы (SADC) 2019 жылдың 30 тамызында суахили тілін ағылшын, португал және француз тілдерінен кейінгі 4-ші ресми тіл ретінде қабылдаған еді.

Африкалық Одақ (AfB) болса 9 ақпанда суахили тілін «жұмыс тілі» ретінде қабылдағанын жариялады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) 7 шілдені «Дүниежүзілік суахили күні» деп жариялаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар