АҚШ-тағы қарулы шабуылда 6 адам қаза тапты

АҚШ-тың Иллинойс штатындағы қарулы шабуылда 6 адам қаза тауып, 24 адам жараланды.

1851859
АҚШ-тағы қарулы шабуылда 6 адам қаза тапты

Америка Құрама Штаттарының Иллинойс штатында 4 шілде Тәуелсіздік күнін тойлау кезінде жасалған қарулы шабуылда 6 адам қаза тауып, 24 адам жараланды.

«Highland» саябағы басшысы Лу Джогмен Тәуелсіздік күні шеруіндегі атыс кезінде 6 адамның қаза тауып, 24 адамның жараланғанын хабарлады.

Лу Джогмен БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде күдіктінің аты-жөні анықталғаннан кейін полицияның бастаған іздеу жұмыстары нәтижесінде ұсталғанын айтты.

Сәйкесінше, оқиға орнынан солтүстікке қарай 8 шақырым жерде жүрген күдікті 22 жастағы ақ нәсілді американдық Кримо қысқа мерзімді бақылаудан кейін ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар