Тұмауға қарсы вакцина ектіру пайдалы екен

Зерттеу аясында 4 жыл бойынша бақыланған сынақ үлгілерінің вакцинацияланған  5.1 пайызында және вакцина егілмегендердің 8.5 пайызында деменцияға байланысты ыңғайсыздық анықталды.

1849904
Тұмауға қарсы вакцина ектіру пайдалы екен

Тұмауға қарсы вакцина алған адамдарда Альцгеймер ауруына шалдығу қаупі 40 пайыз төмен болады.

Nature World News жаңалықтарына сәйкес, АҚШ-тағы Хьюстон университетінің Техас Денсаулық ғылымы орталығының ғалымдары тұмауға қарсы вакциналар мен Альцгеймер ауруы арасындағы байланысты бақылайтын зерттеу жұмысын жүргізді.

Зерттеу барысында 65 жастан асқан 935 мыңнан астам вакцинацияланған және егілмеген адамдардың деректерне анализ жасалды.

Зерттеу аясында 4 жыл бойынша бақыланған сынақ үлгілерінің вакцинацияланған  5.1 пайызында вакцина егілмегендердің 8.5 пайызында деменцияға байланысты ыңғайсыздық анықталды.

Мамандар тұмауға қарсы вакцина алған адамдардың ектірмегендермен салыстырғанда Альцгеймер ауруына шалдығу қаупі 40 пайыз төмен болатынын білдірді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде Альцгеймер ауруымен өмір сүретін 55 миллионнан астам адам бар.

Альцгеймер – күнделікті белсенділіктің төмендеуімен және когнитивтік қабілеттердің бұзылуымен сипатталатын нейропсихиатриялық симптомдарға ие және мінез-құлық өзгерістерімен бірге жүретін нейродегенеративті ауру ретінде анықталады.



Ұқсас жаңалықтар