АҚШ Pfizer және BioNTech-пен келісімге келді

АҚШ үкіметі осы келісіммен 300 миллион компонент Ковид-19 вакцинасына қол жеткзіуді кепілдікке алды.

1850331
АҚШ Pfizer және BioNTech-пен келісімге келді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) үкіметі Американың фармацевтикалық компаниясы Pfizer және неміс биотехнологиялық компаниясы BioNTech әзірлеген жаңа типті коронавирусқа қарсы (Ковид-19) вакцинасынан 105 миллион компонент сатып алды.

Pfizer мен BioNTech мәлімдемесінде АҚШ үкіметімен осы жазда 105 миллион компоннент Ковид-19 вакцинасын жылдам жеткізу туралы келісімге қол қойылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде АҚШ үкіметінің осы келісім үшін 3.2 миллиард доллар төлейтіні хабарланды.

Осы келісім Омикрон штаммына қарсы ең жаңа және бұрынғы вакцинамен салыстырғанда иммуындық қуаты күшті екені жарияланған, АҚШ Азық-түлік және Дәрі-дәрмек басқармасынан мақұлдап күтіп отырған Ковид-19 вакцинасымен қамдауды қамтиды.

АҚШ үкіметінің компаниялармен Ковид-19 вакцинасын алу үшін қол қойған алғашқы келісімінде бір компонент бағасы 19.50 доллар болса, жаңаланған вакцинаның компонент бағасы осы келісімде 30 доллардан асқаны назар аударды.

Pfizer мен BioNTech мәлімдемесінде АҚШ үкіметінің аталмыш вакцинадан 195 миллион долларға дейін қосымша компонент сатып алу талғамына да ие екені білдірді.

АҚШ үкіметі осы келісіммен 300 миллион компонент Ковид-19 вакцинасына қол жеткзіуді кепілдікке алды.



Ұқсас жаңалықтар