Жапонияда температура 40.2 градусқа жетті

Токиода темперетура  жалғасты 5 күн бойы 35 градустан асты.

1849807
Жапонияда температура 40.2 градусқа жетті

Жапонияның астанасы Токиода және оның айналасында соңғы 150 жылдағы ең ыстық маусым айы өтіп жатыр.

Токио мен төңірегіндегі аймақтар 1951 жылдан бері байқалған қысқа жаңбырлы маусымды өткізіп, рекорд дәрежеге жеткен ыстық ауарайына дөп келуде. Елде ең ыстық ауарайы бүгін де әсерін жалғастыруда.

Маусым айында 1875 жылдан бері көрілген ең ыстық ауарайы толқыны әсерлі болған астана Токиода темперетура  жалғасты 5 күн бойы 35 градустан асты.

Токионың солтүстік-батысындағы Исааки қаласы маусым айындағы ең жоғарғы температура 40.2 градуспен  Жапониядағы рекордты жаңартты.

Сонымен бірге үкімет энергия дағдарысы мүмкіндігіне қарсы электр үнемдеуге шақыру тастап, қажетсіз энергия қолдануды азайту жайлы ескерту жасады.



Ұқсас жаңалықтар