"Үлкен жетілік" азық-түлік дағдарысын аяқтатуға талпынады
"Үлкен жетілік" көшбасшылары саммитінің соңғы күні "жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі" туралы бірлескен мәлімдеме жасады.
"Үлкен жетілік" (экономикасы ең дамыған 7 ел) елдері азық-түлік қоры бар елдер мен компаниялардың жетекшілерін «нарықтарды бұзбай, жаһандық азық-түлік тапшылығын шешуге көмектесуге» шақыру тастады.
Құрамында АҚШ, Германия, Англия, Канада, Франция, Италия және Жапонияны қамтыған "Үлкен жетілік" елдерінің лидерлері Германияның үй иелігінде Бавариядағы Эльмау сарайында "Үлкен жетілік" көшбасшылары саммитінің соңғы күні "жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі" туралы бірлескен мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде өнеркәсіптенген елдер лидерлерінің азық-түлік қоры бар елдер мен компаниялардың жетекшілерін «нарықтарды бұзбай, жаһандық азық-түлік тапшылығын шешуге көмектесуге» шақыру тастағаны білдірілді.
Мәлімдемеде:
"Қысқа уақытта жеңілдікке жету үшін азық-түлік қоры бар ортақ елдер мен жекеше компанияларды Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының азық-түлік сатып алу стратегиясын қолдауды қамтыған нарыққа әсер жасамай, азық-түлікке қол жетімділікті қамдауға шақырамыз. Барлық елді бағаны өсіруге себеп болатын азық-түлікті жинаудан сақтануға шақырамыз" деп көрсетілді.
"Үлкен жетілік" лидерлерінің жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі дағдарысымен күресу үшін қосымша 4.5 миллиард доллар жиануға кепілдік бергені білдірілген мәлімдемеде осы қаржымен 2022 жылы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты кепілдіктің 14 миллиард долларға жеткені жарияланды.
Ресейге қарсы санкциялардың азық-түлік өнімдерін нысанаға алмайтыны жазылған мәлімдемеде Ресейдің Украинаның ауыл шаруашылығы, кемежай мен қатынас инфрақұрылымдарынашабуыыыыыыылын тоқтату, Мәскеудің Украинадағы ауыл шаруашылық өнімдері мен жабдықтарын заңсыз түрде тәркілеуін шартсыз аяқтатуы керектігі сұралды.
Мәлімдемеде:
"Украинаның алдағы өнімді жинау маусымы үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді жалғастыруына жәрдем ету үшін талпыныстарды жылдамдатамыз" деп көрсетілді.