Ердоған мен Байден Мадридте кездесуі мүмкін

Джейк Салливан президент Джо Байден мен президент Режеп Тайып Ердоған арасында бір кездесу өтуі мүмкін екенін айтты.

1848834
Ердоған мен Байден Мадридте кездесуі мүмкін

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан АҚШ президенті Джо Байденнің НАТО саммиті аясында президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу мүмкін екенін айтты.

Джейк Салливан "Үлкен жетілік" (экономикасы ең дамыған 7 ел) саммиті өткен Германияда АҚШ журналистеріне мәлімдеме жасады.

Испанияның астанасы Мадридте бүгін басталған НАТО саммитінің маңызды тақырыптарының бірі Финляндия мен Швецияның ұйымға қосылуы болатынын айтқан Салливан Түркияның бұл тақырыпта тілге тиек еткен проблемаларын да талқылайтындарын атап өтті.

Джейк Салливан АҚШ президенті Джо Байден мен президент Режеп Тайып Ердоған арасында бір кездесу өтуі мүмкін екені жайлы:

"Қазір бір бағдарлама белгіленген жоқ. Алайда алдағы 24 сағатта жағдай өзгеруі ықтимал, жоспаарлар бар" деді.



Ұқсас жаңалықтар