АҚШ Сирияда террор басшысын атты

АҚШ күштері «Әл Хуррас» ұйымының жетекшілерінің бірі екені пайымдалған Әбу Хамза әл Йеменді әуе шабуылымен нысанаға алғандарын білдірді.

1849214
АҚШ Сирияда террор басшысын атты

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Орталық күштер қолбасшылығы (CENTCOM) Сирияның Идлиб қаласында «Әл-Қаидамен» байланысы бар «Әл Хуррас» ұйымының жетекшілерінің бірі екені пайымдалған Әбу Хамза әл Йеменді әуе шабуылымен нысанаға алғандарын білдірді.

АҚШ Орталық күштер қолбасшылығынан (CENTCOM) жасалған мәлімдемеде:

"АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы 27 маусымда Сирияның Идлиб қаласында «Әл-Қаидамен» байланысы бар «Хуррас әл-Дини» террористік ұйымының жетекшілерінің бірі екені пайымдалған Әбу Хамза әл Йеменді нысанаға алған бір әуе шабуылын ұйымдастырды. Әбу Хамза әл Йемен мотоцикльмен жалғыз кетіп бара жатқан кезде шабуыл жасалды" деп жазылды.

Шабуылда аталмыш адамның өлген-өлмегені айтылмаған мәлімдемеде алғашқы анықтамаға қарағанда бейуаз азаматтық шығын болмағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар