Үндістандағы селде 100-ден астам адам мерт болды

Ассам уәлаятында болған сел апаты себепті соңғы 24 сағатта тағы 12 кісі қаза тапты.

1847365
Үндістандағы селде 100-ден астам адам мерт болды

Үндістанның Ассам уәлаятында болған сел апатында қаза тапқан адам саны 100-ден асты.

Ассам уәлаятында болған сел апаты себепті соңғы 24 сағатта тағы 12 кісі қаза тапты.

Ассам уәлаятының лауазымдылары сел апаты себепті 6 сәуірден бері қаза тапқан адам санының 100-ден асқанын білдірді.

Лауазымдылар қаза тапқандар арасында 4 бала бар екенін айтты.

Ассам уәлаятының апат басқару ұйымы 32 ауданда 5 миллионнан астам адамның селдің зардабына ұшырағанын хабарлады.

Селдің зардабына ұшыраған 271 мыңнан астам кісі жәрдем лагерін паналады.

Оңтүстік Азияда маусым-қыркүйек айлары арасында ықпалды болған мусон жаңбырлары Үндістанды қамтыған елдерде жыл сайын көлемді табиғи апат пен қазаларға себеп болып келеді.

 



Ұқсас жаңалықтар