Твиттерді сатуды мақұлдау ұсыныс етілді

Твиттердан 25 сәуірде жасалған мәлімдемеде компанияның Илон Маскке сатылуы жайлы келісімге келгені хабарланды.

1847021
Твиттерді сатуды мақұлдау ұсыныс етілді

Твиттер Әкімшілік кеңесі ортақтардың әлеуметтік медиа компаниясын Тесла мен SpaceX-тің құрушы директоры Илон Маскке мөлшермен 44 миллиард долларға сатып беруді мақұлдауын ортақ дауыспен ұсыныс етті.

Америка Құрама Штаттарының Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясынан (SEC) жасалған мәлімдемеде:

«Твиттер Әкімшілік кеңесі бірігу туралы келісімді қабылдауға дауыс берулеріңізді бірауыздан ұсынады» деп көрсетілді.

Мәлімдемеде ортақтар ие болған үлес саны не болғанына қарамай, дауыстарының маңызды екені білдірілді.

Твиттердің 9.2 пайызын бұрын сатып алған Илон Маск АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (SEC) жасалған мәлімдемесінде Твиттердің толығы үшін әрбір акцияға 54.20 доллар төлеуді ұсыныс еткен болатын.

Твиттердан 25 сәуірде жасалған мәлімдемеде компанияның Илон Маскке сатылуы жайлы келісімге келгені хабарланды.

Илон Маск Твиттер желісінен жасаған мәлімдемесінде Твиттер келісімінің «Спам және жалған аккаунттарды пайдаланушылардың жалпы саны 5 пайыздан аз болуы себепті» уақытаһша тоқтағанын жариялаған еді.

Маск Катар Экономикалық форумы аясында Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында келісімді ортақтардың мақұлдауын "шешілмеген мәселелердің бірі" деген болатын.

Илон Маск: «Сөз еркіндігі демократияның негізі болып табылады. Твиттер адам баласының болашағы үшін өте маңызды тақырыптарды талқылайтын цифрлық бір алаң» деді.



Ұқсас жаңалықтар