Ресей армиясы жалпы 34 мың 230 әскерден айырылды

Ресейдің Украинадағы шабуылдарынан 324 бала қаза тапты.

1846814
Ресей армиясы жалпы 34 мың 230 әскерден айырылды

Украина әскери жасақтары мемлекетінің оңтүстігіндегі Херсон аймағында орыс армиясына қарсы қатты соққы беруде.

Украинаның Оңтүстік қорғаныс күштерінің баспасөзге жауапты басшысы Наталья Гуменюк жасаған мәлімдемесінде Украина Қарулы Күштерінің Херсон аймағында орыс шабуылдарына қарсы тойтарыс бергенін білдірді.

Украина президенті Владимир Зеленский де видео арқылы жасаған мәлімдемесінде Луганск облысында қорғанысты күшейткендерін баяндады.

Зеленский «Оңтүстікті Николаевті, Запорожьені қорғаудамыз. Херсон аймағын ақырын-ақырын қайтарып алудамыз» деді.

Украина 24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан соғыста қайтыс болған орыс әскер санының 34 мың 230-ға шыққанын хабарлады.

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының  24 ақпан мен 21 маусым аралығындағы шығындары жайлы мәлімдеме жасады.

Ресей армиясы жалпы 34 мың 230 әскерден айырылды.

Мәлімдемеде "216 ұшақ, 182 тікұшақ,  1496 танк, 3 мың 614 сауытты көлік, 752 зеңбірек, 137 зымыран,  239 зымыран соғар жүйесі және 99 әуеден қорғаныс жүйесі жойылды" деп көрсетілді.

Енді бір жағынан Украинада қаза болған балалар саны 324-ке жетті.

Украина Бас прокуратурасының мәлімдемесінде «Ресейдің Украинадағы шабуылдарынан 324 бала қаза тауып, 592 бала жарақат алды» делінді.

Мәлімдемеде Украинаның Донецк облысында 307, Харьков облысында 175, Киев облысында 116, Чернигов облысында 68, Луганск облысында 54, Херсон облысында 52, Николаев облысында 48, Запорожье облысында 30 және Сумы облысында 17 бала қаза тапты.

Украина Бас прокуроры сонымен қатар Ресейдің шабуылдарында Украинада кем дегенде 2 мың 52 білім беру орталығы зақым көрді және 210 білім беру орны түбегейлі күйреді.

 



Ұқсас жаңалықтар