Еуропа Одағы Мысырға ақшалай жәрдем береді

Еуропа Одағы-Мысыр кеңесі жиналысы Люксембургта өткізілді.

1845499
Еуропа Одағы Мысырға ақшалай жәрдем береді

Еуропа Одағы Ресейдің Украинаға 24 ақпанда жасаған шабуылы салдарынан туындаған азық-түлік қиыншылықтарын шешу үшін Мысырға 100 миллион евро жәрдем береді. 

Еуропа Одағы-Мысыр кеңесі жиналысы Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель және Мысыр Сыртқы істер министрі Семих Шукридің басшылығында Люксембургта өткізілді. Жиналысқа Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиас та қатысты. 

Жиналыс қарсаңында мәлімдеме жасаған Боррель Ресей-Украина соғысының көптеген нәрсені бұзғанын баяндады. 

Украинаның қазір порттарда 20 миллион тонна дәнді-дақылдардың болғанын, таяуда жиналатын егіндерден де тағы 60 миллион тонна алынатынын баяндаған Боррель бұлардың әлем нарықтарына жіберілуінің маңыздылығына тоқталды. 

Жозеп Боррель "Еуропа Одағы азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбында үстелге көп ақша қойды. Бұларды ең көп Мысыр пайдаланады. Тек Мысыр үшін 100 миллион евро бөлдік" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар