Израиль күштері Шерияның батысында 3 палестиналықты өлтірді

Денсаулық сақтау министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1844816
Израиль күштері Шерияның батысында 3 палестиналықты өлтірді

Израиль күштерінің басқыншылық астындағы Шерияның батысында Дженин қаласына жасаған шабуылында 3 палестиналық қаза тауып, 8-і жараланды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Дженин қаласында Израиль әскерлерінің оқтарынан 3 палестиналық шейіт болды, 8-і жараланды» делінген.

Палестина мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда, қаза тапқан палестиналықтардың Бера Лехлух, Лейс Эбу Сурур және Юсуф Салах екені анықталды.

Куәгерлер Израиль әскерлерінің Дженин қаласына басып кіріп, 4 палестиналық мінген көлікке оқ жаудырғанын білдірді.

Оқиғадан кейін Израиль әскерлері мен ондаған палестиналық арасында төбелес шықты.

Израиль сарбаздары палестиналықтарға оқ және көз жасаурататын газ қолданды.

Әзірге Израиль ресми мекемелері оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар