Джейк Салливан НАТО мүшелігі сұраған елдерді бағалады

АҚШ Швеция мен Финляндияның НАТО-ға үміткер болатынына сенетінін білдірді.

1844778
Джейк Салливан НАТО мүшелігі сұраған елдерді бағалады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливан Түркияның Швеция және Финляндияның НАТО мүшелігі тақырыбында тілге тиек еткен уайымдардың шешіліп, аталмыш екі елдің одаққа үміткер болатынына сенетіндерін білдірді.

Джейк Салливан «Жаңа Америка қауіпсіздігі орталығы (CNAS)» тарапынан ұйымдастырылған панельге қатысып, АҚШ-тың сыртқы саясаты туралы сұрақтарға жауап қайтарды.

Түркияның Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігіне қатысты алаңдаушылығы туралы сұраққа Салливан «Финляндия мен Швецияның НАТО мүшесі болуын күтемін. Әрі шведтер, әрі финдер Түркияның алаңдаушылығына жауап қайтаруға дайын екендіктерін білдірді. Шведтер мен финдер Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның командасымен жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуде» деді.

Салливан өзінің де бірнеше күн бұрын Еуропада Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынмен де кездескенін атап, «Бұл мәселелерді шешудің нақты уақытын айта алмаймын, бірақ мен сізге айта аламын, барлық тараптар шешуге уәде берді» деді.



Ұқсас жаңалықтар