Босқындар саны 100 миллионнан асты

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары дайындаған «Жаһандық үрдістер» есебі жарияланды.

1844463
Босқындар саны 100 миллионнан асты

Дүние жүзінде босқындар саны ең жоғары деңгейге жетіп, 100 миллионнан асты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары дайындаған «Жаһандық үрдістер» есебі жарияланды.

2021 жылдың соңында соғыс, зорлық-зомбылық, қуғын-сүргін және адам құқықтарының бұзылуы салдарынан қоныс аударғандар санының өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға артып, 89,3 миллионға жеткені атап өтілді. Бұл 10 жылда босқын саны екі еседен көп артты деген мағынаға келеді.

Есеп бойынша 24 ақпанда басталған Ресейдің Украинаға басып кіруі Екінші дүниежүзілік соғыстан (1939-1945) кейінгі ең жылдам және ең ірі мәжбүрлі қоныс аудару дағдарысының біріне себеп болды. 2022 жылы Африкадан Ауғанстанға дейін қоныс аударғандар санының «үлкен бетбұрыс» - 100 миллионнан асқаны айтылды.

2022 жылдың мамыр айына дейін әлем көлемінде 100 миллионнан астам адам зұлымдық, қақтығыс, адам құқықтарын бұзушылық немесе қоғамдық тәртіптің бұзылуына байланысты ел-жұртын мәжбүр тастап кетті.  Айырықша 2021 жылдың аяғында төмен және орта табысты елдер босқындардың 83 пайызына есік ашқан.

Ең көп босқын – Түркияда. Түркияда 3,8 шетелдік босқын тұрады. Пәкістанда 1,5 миллион, Угандада 1,5 миллион, Германияда 1,3 миллион тұрады.  Ал Колумбияда 1,8 Венесуэла азаматы қоныс тепкен.

БҰҰ Босқындар жоғары комиссары Филиппо Гранди осы есепке байланысты Женева офисінде баспасөз брифингін өткізді.  Ол Украина-Ресей соғысты салдарынан туындаған азық-түлік қауіпсіздігі дағдарысының көрші елдердегі көшті одан әрі арттырғанын айтты. Гранди азық-түлік дағдарысы, соғыс, адам құқықтарын бұзушылық және климат өзгерісінің адамдардың көшуіне жол ашқанын білдірді. «Халықаралық қоғам бас қосып,  осы гуманитарлық трегадияға шешім табуы керек не болмаса осы қорқынышты тенденция жалғасады.  Ашып айтатын болсақ,  осы проблема жылдам шешілмесе, әсері қиратушы болады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар