Мұнай нарығын тұрақтандыру үшін келісті

Николас Мадуро Кувейттегі сапары шеңберінде OPEC Бас хатшысымен кездесті.

1843396
Мұнай нарығын тұрақтандыру үшін келісті

Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (OPEC) Бас хатшысы Хейсем әл Гайспен кездесті.   Ол мұнай нарығын тұрақтылыққа жеткізу үшін қажетті шешімді табу жөнінде келіскендерін айтты.

Николас Мадуро Кувейттегі сапары шеңберінде OPEC Бас хатшысымен кездесті. Бұл кездесу туралы ол әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Мадуро Гайспен қанағаттандырарлық кездесу өткізгендерін айтып, әлем көлемінде мұнай нарығын тұрақтандыру үшін қажетті механизм табу тақырыбында келіскендерін білдірді.

Ірі мұнай резерві бар Венесуэла мемлекетінің мұнай және табиғи газ компаниясы  PDVSA Америка Құрама Штаттары бастаған көптеген елдің экономикалық санкцияларына ұшырауда.



Ұқсас жаңалықтар