Зеленский: «Басқыншыларды қуып шығамыз»

Украина президенті Владимир Зеленский Telegram аккаунтынан хабарлама жасады.

1842801
Зеленский: «Басқыншыларды қуып шығамыз»

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің өз елінде басып алған барлық жерлерді азат ету үшін күресті жалғастыратындарын мәлімдеді.

Владимир Зеленский Telegram аккаунтындағы хабарламасында соғыстың 110-шы күнінде бағалау жасады. Зеленский Украина Қарулы күштерінің Донбасс аймағында сәтті операциялар жүзеге асырғанын атап көрсетті.

Аталмыш 110 күн ішінде елдің оңтүстік аймақтарын қайтадан бақылауға алғандарын, Харьков аймағының да басым бөлігін «жаудың қолынан» құтқарғанын жеткізген Зеленский «Жалпы мыңнан астам елді мекен азат етілді, Украинаның оңтүстігіндегі басқыншылардың шабуылы тоқтатылды» деді.

Украиналық әскерлердің Донбасста болса орыс күштеріне үлкен шығын келтіргендерін тілге тиек еткен Зеленский «Донбасстағы шайқастар міндетті түрде Еуропада және Еуропа үшін ең сұрапыл шайқастардың бірі болып тарихта қалатыны сөзсіз» деді.

Елінде жалғасып жатқан соғысты тоқтату үшін мықты және заманауи қаруларға мұқтаждықтарын атап көрсеткен Украина басшысы соғыста көптеген бейбіт тұрғындар мен балалардың қаза тапқанына тоқталып, «Украина үшін бұл соғыстың шығыны өте ауыр және қорқынышты» деді.

Ресеймен соғыста Украинадағы майдан желісінің 2 мың 500 шақырымнан асқанына назар аударған Зеленский «жалғастырып, барлық жерлерін азат етуден басқа амал болмағанын, басқыншыларды өз жерінен қуып жіберетінін» баса айтты.

Ресей басып алған және аннексиялаған барлық жерлерді азат ету үшін күресті жалғастыратындарын, бұл жерлерде өмір сүрген адамдарға Украинаның басқа аймақтарында қазір жалғасып жатқан соғыс туралы нақты ақпарат беру керектігін атап айтқан Зеленский «Оларға украин әскерінің міндетті түрде келетінін айтыңдар. Әрине, Қырымымызды да азат етеміз. Украина жалауы қайтадан Ялта, Судак, Жанкой және Евпаторияда желбірейді. Ал Қырымдағы құнарлы жерлерді тартып алған әрбір ресейлік басшы бұл жердің тыныштық табатын жер емес екенін ұмытпасын!» деді.



Ұқсас жаңалықтар