Украина НАТО-дан күшті қару сұрады

Михаил Подоляк Украинаның 15 маусымда өтетін НАТО Қорғаныс министрлері жиналысынан үлкен үміт күткенін айтты.

1842487
Украина НАТО-дан күшті қару сұрады

Украина Президенттік кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк Ресеймен соғысты тоқтату үшін оларға ауыр қару қажет екенін мәлімдеді.

Подоляк Twitter-дегі парақшасында бөліскен мәлімдемесінде:

"Сөзімді ашық айтайын, соғысты тоқтату әрі Ресейді Украинадан шығару үшін 155 мм калибрлі 1000 қарулы зеңбірек жүйесі, 500 танк, 300 көп реттік зымыран жүйесі, 2000 сауытты көлік және 1000 ұшқышсыз әуе көлігі  қажет» деді.

Михаил Подоляк Украинаның 15 маусымда өтетін НАТО Қорғаныс министрлері жиналысынан осы жайлы шешім күтетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар