Ресей - Үндістанның екінші ірі мұнай жеткізушісі

Үндістан өзінің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Ресейдің арзан мұнайынан пайдаланып қалғысы келеді.

1842819
Ресей -  Үндістанның екінші ірі мұнай жеткізушісі

Ресей Үндістанның Ирактан кейінгі екінші ірі мұнай жеткізушісі болды.

«The Times of India» газетінің хабарына қарағанда, Үндістан мамыр айында Ресейден шамамен 25 миллион баррель мұнай сатып алды, бұл барлық мұнай импортының 16 пайызынан астамына сәйкес келеді.

2021 және 2022 жылдың бірінші тоқсанында елдің теңіз арқылы жасаған жалпы импортындағы Ресейден шыққан шикі мұнайдың  үлесі 1 пайыздан төмен болса, сәуір айында алғаш рет 5 пайызға жетті.

Ирак өткен айда Үндістанның ең ірі жеткізушісі ретіндегі орнын сақтап қалды, ал Сауд Арабиясы Ресейден артта қалып, үшінші орынды иеленді.

Әлемдегі үшінші ірі мұнай импорттаушысы Үндістан 24 ақпанда Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғаннан бері Ресейден шикізат сатып алуды жақтап келеді.

Украина соғысы салдарынан түрлі санкцияларға ұшыраған ресейлік шикі мұнайға әлем көлемінде қызығушылық төмендеді. Жаһандық энергия бағасы өсіп жатқан тұста Үндістан өзінің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Ресейдің арзан мұнайынан пайдаланып қалғысы келеді.

Ел Ресей мұнайын барреліне 30 долларға жуық жеңілдікпен сатып алып отыр.



Ұқсас жаңалықтар