110 мың доза вакцина сатып алады

Еуроодақ комиссиясының денсаулыққа жауапты мүшесі Стелла Кириакидес осы жөнінде мәлімдеме жасады.

1842944
110 мың доза вакцина сатып алады

Еуропалық Одақ (ЕО) мүше мемлекеттерге жіберу үшін маймыл шешегіне  қарсы 110 000 доза вакцина сатып алады.

Люксембургте Еуроодақ денсаулық сақтау министрлерінің отырысына кірген Еуроодақ комиссиясының денсаулыққа жауапты мүшесі Стелла Кириакидес осы жөнінде мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша 110 мың доза маймыл шешегіне қарсы вакцина сатып алу келісіміне бүгін қол қойылады. Кириакидес мүше елдерге алғашқы жеткізілімдердің маусым айының соңында басталатынын мәлімдеді.

Кириакидес қазіргі уақытта ЕО елдерінде маймыл шешегі вирусының 900-ге жуық жағдайы анықталғанын, ал әлем бойынша ауру саны 1400-ге жуық екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар